60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

КЕҢЕС: Туберкулез-үкім емес, таңба емес!

Медеубаева Гульмира Амангельдиевна — Фтизиатр, жоғарғы санатты дәрігер.

Біз, фтизиатр дәрігерлер, туберкулез диагнозы қойылған кезде осындай жағдайға жиі тап боламыз.

Диагнозды білген адам қатты күйзеліске ұшырайды, оның «Мен неге туберкулезбен ауырдым?, не үшін? және т.б.» деген сұрақ туындайды. Пациент  жұмысын жоғалтады, тіпті от басылары ыдырайды, науқастардан әріптестері, достары, туыстары  аластайды. Осыдан кейін науқас физикалық және психологиялық оқшаулау жағдайына тап болады . Туберкулезге қатысты Стигма-бұл әлеуметтік «таңба». Стигмаға ұшырайтын адамдар ұятты сезінуі, өзін-өзі бағалауын төмендетуі мүмкін және бұл адам ауырған және оған, керісінше, қолдау қажет болған кезеңде!

Стигматизацияға тек науқас ғана емес, сонымен қатар оның отбасы мүшелері де жатады.

Бірақ, стигма аурудың фактісімен емес, ол туралы білімнің болмауымен пайда болатынын ашық мойындау қажет.

Қазіргі таңда бұл ауру дер кезінде диагностикалау және үздіксіз емдеу кезінде толығымен емделеді. Қазіргі фтизиатр арсеналында жаңа туберкулезге қарсы препараттармен жылдам диагностикалаудың және тиімді емдеудің жаңа әдістері бар.

Туберкулез микобактериялары бөлінбеген жағдайда емделуші амбулаторлық жағдайда ем ала алады, өзінің әдеттегі өмір салтын жүргізуді толық жалғастыра алады, жұмыс істей алады, отбасында бола алады. Содан кейін емдеу әлдеқайда жылдам.

Ал оқшаулау, біреу туберкулез туралы біліп қойса деген қорқыныш болып, адамның тұйықталуына, өзінің ауруын жасыруға әкеп соғады және бұл емделудегі үзілістерге және қоршаған адамдардан ақпаратты жасыруға әкеп соқтыруы мүмкін. Міне, осындай жағдайларда туберкулез инфекциясы таралуының жоғары тәуекелдері пайда болады .

Туберкулез проблемасы бір ғана науқас адамның проблемасы бола алмайды, бұл бүкіл қоғамның проблемасы, онда туберкулез туралы қорқынышсыз және кернеусіз сөйлей алатын жағдай жасалуы тиіс, ал пациенттеріміз "ашық тұлғамен" болады.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
tubdis_astana@mail.ru
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.