60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Кеңес: Клиникалық сараптама

Өмірзақ Ермурат Жамбылұлы — Фтизиоостеолог, жоғарғы санатты дәрігер.

Клиникалық тәжірибеде көрсерілгендей науқас Р. 63 жаста.

Нұр-Сұлтан қаласының «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» өкпеден тыс туберкулезді хирургиялық жолмен емдеу бөліміне түспестен 9 ай бұрын төсек тартып жатып қалған. Төсек тартып жату себебі екі аяғының сезімталдығының жоғалуы жәнеде кіші жамбас ағзаларының функциясының шектелуі себепкер болған (үлкен және кіші дәреттерінің еріктен тыс шығуы). Осы себептерге сәйкес тұрғылықты мекен-жайында омыртқа жотасына МРТ және КТ жасалынған. МРТ және КТ зерттеулерінің нәтижесіне байланысты омыртқа туберкулезіне күдіктеніп, қалалық фтизиопульмонология орталығына құжаттары талқылауға жіберілген.

Науқас 2019 жылдың  10-шы шілдесінде «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» өкпеден тыс туберкулезді хирургиялық жолмен емдеу бөліміне келіп түсті жәнеде жалпы тексеріс-зерттеулерден кейін жоспарлы түрде 2019 жылы 18-ші шілдеде отаға алынды. Отадан кейін туберкулез дәлелденіп, туберкулезге қарсы ем тағайындалды. Емнің нәтижесінде 12-ші күні науқастың аяқтарында сезімталдық пайда бола бастады, және де 68-күні кіші жамбас ағзаларының қызметі қалыптасты (үлкен және кіші дәреттерінің ерікті болуы байқалды). Ем барысында реабилитация көлемінде: аяқтарынан электростимуляция, «Артромод» аппаратымен үлкен буындардың (жамбас және тізе) қызметін орнына келтіру, көлемді вертикализация жасалынды. Осы жоғарыда көрсетілген емнің нәтижесінде науқас дертінен толықтай айығып, құлан-таза аяғына тік тұрды.

Төменде науқастың түскен кездегі жағдайымен қазіргі таңдағы жағдайы салыстырмалы түрде көрсетілген, жәнеде отаға дейінгі содан соң отадан кейінгі КТ нәтижесіде бар.  

Қазіргі таңда науқас тұрғылықты мекен-жайына шығарылуға дайындалуда. 

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
tubdis_astana@mail.ru
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.